homepage
Фото: gov.kz

Интернет-алаяқтық бойынша 25 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалды

18.12.2025, 16:35

Қазақстанда интернет-алаяқтық фактілері бойынша 25 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелген. Бұл туралы Сенаттағы брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ел бойынша 40 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалған, соның 25 368-і интернет-алаяқтыққа қатысты.

«Алаяқтық схемалары жұртқа белгілі. Қоңыраулар өте көп түсіп жатыр, бұл фактілердің бәрі қоғамға таныс», – деді Игорь Лепеха.

Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі алаяқтардың жаңа тәсілдері туралы ескерткен. Ведомство мәліметінше, алаяқтар азаматтарды өздері байланысқа шығуға итермелейтін әдістерді қолдана бастаған. Олар жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар мен банктер атынан жалған хаттар мен SMS хабарламалар таратып отыр.

Полиция азаматтарды сақ болуға және тек ресми байланыс арналары арқылы ғана хабарласуға шақырады.