homepage
Фото: Zakon.kz

Самокат айдауға жаңа талаптар қойылды

18.12.2025, 16:14

Электросамокаттар ресми түрде көлік құралы ретінде танылады. Тиісті нормалар құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы заң аясында Сенатта екі оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Заңға сәйкес, енді:

  • электросамокат жүргізу үшін сақтандыру міндетті болады;
  • әрбір электросамокатта тіркеу нөмірі болуы тиіс (оны иесі немесе шерингілік компания орнатады);
  • самокатты 18 жастан асқан азаматтар ғана жүргізе алады;
  • жүргізуші куәлігі талап етіледі

Айта кетейік, 3 желтоқсанда бұл заңды Мәжіліс қабылдаған болатын. Сенат мақұлдағаннан кейін құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады. Заң Президент қол қойған соң ғана күшіне енеді.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов шерингілік компаниялар самокаттардың қай жерде қалдырылғанын, әсіресе тротуарлардағы жағдайды бақылауға міндеттелетінін айтқан. Сонымен қатар әр электросамокатқа жылдамдықты өлшейтін құрылғы орнату талап етіледі.

Ережелерді бұзған орта бизнес субъектілеріне 20 АЕК (2026 жылы – 86 500 теңге), ал қайталап бұзған жағдайда 40 АЕК (173 000 теңге) көлемінде айыппұл салу көзделген.