Өскемен қаласында «ШҚО мемлекеттік-жекешелік әріптестік өңірлік орталығының» бұрынғы басшысы Д.Б. Батырбаевқа және өзге де тұлғаларға қатысты үкім шықты деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, 2019 жылы Өскемен мен Семей қалаларында көше жарығы жүйесін жаңғырту жобасы іске асырылған. Тергеу барысында күдіктілер жабдықтар мен атқарылған жұмыстардың құнын негізсіз өсіріп, мемлекетке 320 млн теңге көлемінде залал келтіргені анықталды.
Сот шешімімен Д.Б. Батырбаев, Ю.Г. Халитов және Н.Т. Папышев бюджет қаражатын жымқыру, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру баптары бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ сот азаматтық талапты қанағаттандырып, сотталғандардың тұрғын үйі орналасқан жер учаскесі мен автокөтергішін тәркілеу туралы шешім қабылдады.
Үкім заңды күшіне енді.