homepage
Фото: BAQ.kz архиві

ЛГБТ-ны насихаттағандар 10 тәулікке дейін қамалуы мүмкін

18.12.2025, 15:12

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов ЛГБТ-ны насихаттауға қатысты жауапкершілік «Құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы» заңға енгізілгенін мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның айтуынша, ЛГБТ-ны насихаттайтын материалдар құқыққа қайшы контент ретінде қаралады.

«Егер құқықбұзушылық алғаш рет жасалса, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал бір жыл ішінде қайта тіркелсе, айыппұл көлемі артады немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамау қолданылуы мүмкін. Бұл норма тек шағым түскен жағдайда ғана қаралады. Яғни, алдымен азаматтардың өтініші болуы қажет», – деді вице-министр.

Сондай-ақ Кочетовтың айтуынша, насихат дегеніміз – ЛГБТ-ға оң баға беру немесе оған қосылуға ашық түрде үндеу жасау. Ал қарым-қатынасты жай ғана жария түрде көрсету, егер үндеу болмаса, насихат ретінде бағаланбайды.