homepage
Фото: Depositphotos.com

Сенат ЛГБТ насихатына тыйым салатын заң жобасын мақұлдады

18.12.2025, 11:40

Парламенттің жоғары палатасы ЛГБТ насихатына тыйым салатын, сонымен бірге педофилия туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Құжат қоғамдық кеңістікте, бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникациялық желілер мен онлайн-платформалар арқылы ЛГБТ мен педофилияны насихаттайтын ақпарат таратуға шектеу қоюды қарастырады.

Құжатты талқылау барысында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне тоқталды.

«ЛГБТ өкілі болу – құқықбұзушылық емес. Бұл Қазақстан заңнамасы бойынша да, халықаралық құқық бойынша да жауапкершілікке тартылмайды. Жауапкершілік тек жария түрде насихаттауға қатысты қарастырылып отыр», – деді вице-министр Сенаттың пленарлық отырысында.