homepage

Су тасқынының салдарын жоюға бөлінген: Ақмола облысында 300 млн теңге ұрланған

Juzmedia. kz
27.11.2024, 15:42

Ақмола облысының арнайы прокурорлары облыс ҰҚКД-мен бірлесе отырып 300 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС-нің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Juzmedia облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚАРЖЫНЫ КІМ ҰРЛАҒАН?

Аталған қаражаттар 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үйлерді салуға бөлінген.

«Күдіктілер әрекеттері аса ірі көлемде жымқыру – талан-таражға салу, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4 бөлігі бойынша сараланды. Көрсетілген бап бойынша мүлкін тәркілеумен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Екі күдікті сот санкциясымен күзетпен ұстауға, қылмысқа үшінші серіктес үйқамаққа алынды», - делінген ведомство хабарламасында.

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК, АРНАЙЫ ТЕХНИКА, ҚҰРЫЛҒЫЛАР МЕН БАНК ШОТТАРЫ

Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік – Алматы, Астана қалаларында коммерциялық жылжымайтын мүлік, арнайы техника, құрылыс құрылғылар және банктық шоттарда 50 млн теңгеден астам ақшалай қаражат табылды. Тыйым салынған мүліктің бағаланған құндылығы 335 млн теңгеден асты.

Прокурорлар аталған мүліктің бір бөлігі жалға беріліп, қылмыстық пайда түсірілгенін анықтады.

Сол себепті, бір күдіктінің әрекеті қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату), яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218 бабы 3 бөлігі бойынша қосымша сараланды. Бұл үшін мүлкін тәркілеумен қоса 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазіргі уақытта, қылмыстық процесске қатысушыларын қылмыстық іс материалдарымен таныстыру процесі жүріп жатыр.

Соңғы нүктені іс бойынша сот қоятын болады.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.