homepage
Фото: Aqorda

"Үлгі тұтамыз". Президент Жапония халқының табандылығы мен тәртібін бағалайтынын жеткізді

18.12.2025, 11:01

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мемлекет басшысы Жапония Императорына көрсетілген қонақжайлық үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан халқы Күншығыс елінің тәртібі мен табандылығын ежелден үлгі тұтатынын атап өтті. Сондай-ақ Президент Қазақстан мен Жапонияны өзара құрметке, сондай-ақ түрлі саладағы табысты ықпалдастыққа негізделген байырғы достық қатынастар біріктіретінін айтты.

Император Нарухито Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сапары Жапония мен Қазақстан арасындағы байланыс тарихында елеулі оқиға ретінде қалатынын және екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеретінін жеткізді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы мен Жапония Императоры өзара ынтымақтастық мәселелері мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.