homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Алматы әкімдігі 8 наурызда феминистік митинг өткізуге рұқсат бермеді

18.12.2025, 10:44

Алматы қаласының әкімдігі 2026 жылғы 7 және 8 наурызда феминистік марш пен митинг өткізу туралы өтінішті кері қайтарды. Бұл туралы Феминистік марштың ұйымдастыру комитеті Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, қабылданған төрт шешімнің барлығында бірдей негіз көрсетілген. Әкімдік «мәлімделген тақырып бойынша бейбіт жиналыстар өткізу кезінде қоғамдық тәртіптің бұзылу қаупі бар» деп көрсеткенімен, нақты құқықтық немесе деректік дәлелдер келтірмеген.

Ұйымдастыру комитеті бұл шешімдерге шағымданатынын және кедергілерге қарамастан дайындықты жалғастыратынын айтты. Олардың сөзінше, 8 наурыздағы марш — әйелдердің заңды құқығы мен өз талаптарын білдірудің маңызды жолы.

Айта кетейік, 2024 және 2025 жылдары да Алматы әкімдігі феминистік марш пен митинг өткізуге рұқсат бермеген.