homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Отшашу үшін айыппұл салынуы мүмкін

17.12.2025, 16:08

Қазақстанда жаңа жыл мерекесі кезінде кейбір фейерверктерді қолданғаны үшін айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

 

"Аула тазалығына зиян келтірмейтін әрі өзге адамдарға қауіп төндірмейтін шағын фейерверктерге ешқандай тыйым жоқ. Ал адам өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне қатер төндіретін, сондай-ақ айналаны ластайтын тыйым салынған петардалар бар. Мұндай жағдайларда Әкімшілік кодексте қарастырылған барлық шаралар қолданылады. Нақты құқықбұзушылыққа қарай тиісті баптар бойынша жауапкершілік қарастырылады”, деді Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында.

Алматыда да жаңа жыл қарсаңында пиротехниканы қолдануға бақылау күшеймек. Құзырлы органдар қауіпсіздік талаптарын сақтамаған және тыйым салынған бұйымдарды пайдаланған азаматтарға заң аясында шара қолданылатынын ескертеді.