Мәжіліс депутаты Ерлан Сарин қоғамда ру мен жікке бөліну күшейіп бара жатқанына алаңдаушылық танытып, рушылдық тақырыбындағы арандатушылық материалдарға тыйым салуды талап етті, деп хабарлайды Juzmedia.
Депутаттың пікірінше, рушылдық тенденция қоғам ішінде мемлекеттік ойлау қабілетін коррозияға ұшыратып, мемлекеттілікті шашыратуға әкелетін қауіпті құбылыс. Және трайбализм тенденциясы түбі жақсылыққа алып келмейді.
“Жекелеген контент өндірушілер мен кәсіпкерлер рулық сананы жалаулатып, күнделікті тұтынатын футболка мен шапандарға ру атауын жазып, оларды “бренд” немесе “маркетингтік өнім” ретінде сатылымға шығаруда”, деді депутат Олжас Бектеновке жолдаған сауалында.
Депутат ұлт үшін ең сезімтал тақырыпты айқайлатып әлеуметтік контент, кино тақырыбына айналдырып, көрермен жинау, түбі жақсылыққа әкелмейтін айтып, 10 желтоқсанда прокатқа шыққан «Руың кім» комедиясының постеріне шүйлікті.
“Бұл арқылы кино түсірушілердің не айтпақ болғаны түсініксіз?! Қазақтың руларын салыстыратын, кемсітетін фильмдердің мақсаты қандай? Тіпті бұл фильмді жарнамалау үшін жасалған арнайы экзпозицияда руға бөлінуді қойып, Қазақстанның картасын үш жүзге бөліп қойғанды көрдік. Бұл не деген бассыздық?”, деді депутат.
Осы орайда Саиров Ақпарат және мәдениет министрлігі жанынан кинопрокатқа шығатын отандық фильмдердің мазмұнын көркемдік-эстетикалық, идеологиялық, ұлттық бірлік тұрғысынан сараптайтын тұрақты комиссия құруды ұсынды.
Бұған дейін «Руың кім» комедиясы прокаттан алынып тасталғаны хабарланған. “Tiger Films “продюссерлік орталығы фильм 18 желтоқсаннан кейін кинотеатрда көрсетілмейтіні жайлы ресми хабарлады. Фильмде басты рөлдердің бірінде ойнаған актер Қайрат Әділгерейдің сөзінше, картина керісінше “қазақты ынтымаққа, бірлікке” шақырады.