АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімімен Буркина-Фасо, Мали, Нигер, Оңтүстік Судан, Сирия, Лаос және Сьерра-Леоне азаматтарына Америка Құрама Штаттарына кіруге толық тыйым салынды. Бұл шектеу 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Сонымен қатар бұрын енгізілген тыйым Ауғанстан, Гаити, Иран, Йемен, Ливия, Мьянма, Конго Республикасы, Сомали, Судан, Чад, Экваторлық Гвинея және Эритрея азаматтарына қатысты өз күшінде қалады.
Ал Ангола, Антигуа және Барбуда, Бенин, Кот-д’Ивуар, Доминика, Габон, Гамбия, Малави, Мавритания, Нигерия, Сенегал, Танзания, Тонга корольдігі, Замбия және Зимбабве азаматтарына АҚШ-қа кіруге ішінара шектеулер енгізіледі.
Ал, Түрікменстанға қатысты талаптар біршама жеңілдетілді. Енді бұл елдің азаматтарына АҚШ-қа иммиграциялық емес визалармен кіруге рұқсат берілді.