homepage
фото: ашық дереккөзден

Алматыдағы орташа жалақы - 539 мың теңге

17.12.2025, 14:53

Алматыдағы орташа жалақы көлемі 529 мың теңге. Жалпы Қазақстан бойынша көрсеткіштен 14.8% артық. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде есеп берген қала әкімі Дархан Сатыбалды айтты. 

Оның дерегінше, осы жылы қалада 92 мың жұмыс орны құрылған. Жалпы Алматыдағы халықтың 1 млн 122 мыңы жұмыспен қамтылған. 

Он бір ай ішінде қаланың негізгі капиталына 1.9 трлн теңге инвестиция салынды. Бұл 2024 жылдағы сәйкес кезеңмен  салыстырғанда 19% көп. 

Дәл қазір қала аумағында 12 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Олардың қатарында Haval, Chery және Changan маркалы жеңіл автокөліктер шығаратын мультибрендті зауыт, автокөлік шиналарын резеңке үгіндісіне қайта өңдеу зауыты, шыны ыдыс өндіретін кәсіпорын, сондай-ақ күн модульдерін шығару жобалары бар.

Жергілікті бюджетке 1.97 трлн теңге салық түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,4% артық.  Негізінен қаланың экономикалық өсімінің драйвері - құрылыс, көлік саласы және өңдеу өнеркәсібі.