homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Үкімет жаңа жылдық дастархан бағасын есептеді

17.12.2025, 14:15

Үкімет жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтар жиі алатын негізгі азық-түлік бағасына талдау жүргізді. Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәуітбаевтың айтуынша, мерекелік азық-түлік себеті аса қымбаттамаған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның мәліметінше, жаңа жылдық дастарханға арналған ең көп сұранысқа ие 37 өнім қамтылған талдау жасалған. Олардың ішінде негізгі екі ыстық тағам – тауық еті мен ет бар. Өткен жылы мұндай азық-түлік себетінің құны шамамен 68 мың теңге болса, биыл орта есеппен 70 мың теңге деңгейінде қалыптасқан.

Ернұр Жәуітбаев баға өсімінің біркелкі емес екенін атап өтті. Кейбір тауарлар арзандаса, кейбірінің бағасы аздап көтерілген. Алайда бұл өзгерістер жаппай сипатқа ие емес.

Министрлік жалпы азық-түлік нарығындағы жағдай тұрақты деп мәлімдеді.