homepage
Фото: t.me/bort_01

Токио көшелері көк тумен безендірілді

17.12.2025, 12:05

Жапония астанасы Токио қаласы Қазақстанның мемлекеттік тулары­мен безендірілді. Бұл Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапарымен байланысты, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Ресми сапар 18–20 желтоқсанға жоспарланып отыр. 

Ақорданың мәліметінше, сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония императоры Нарухитомен, премьер-министр Санаэ Такаичимен және жапондық іскер топ өкілдерімен кездеседі. Сондай-ақ Президент «Орталық Азия – Жапония» саммитінің жұмысына қатысады.