«Эйр Астана» компаниясының ірі акционері – британдық BAE Systems компаниясы өз акциясының бір бөлігін сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Саудаға түсетін акция көлемі - 8% және ол Лондон қор биржасында өтеді.
Қазіргі таңда BAE Systems «Эйр Астана» акцияларының шамамен 16,95%-ына иелік етеді.
Бұған дейін компания «Эйр Астана» тобының тоғыз айдағы таза пайдасы 31,2 млн доллар болғанын хабарлаған. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстарғанда 39,8% төмен деген сөз. Өткен жылдың тоғыз айындағы компанияның табысы - 51,9 млн доллар болатын.