homepage
Фото: ашық дереккөзден

Бюджет қайда жұмсалды? Министр жауабы

17.12.2025, 10:32

2025 жылдың 11 айында Қазақстанның мемлекеттік бюджеті 95% деңгейінде игерілді. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Министрдің айтуынша, республикалық бюджет 96%, ал жергілікті бюджеттер 95% орындалған. Осы кезеңде бюджет шығындарының негізгі бөлігі әлеуметтік қолдауға бағытталған — 8,3 трлн теңге. Өңірлерді қаржыландыруға 6,9 трлн теңге бөлінсе, нақты секторды қолдауға 1,8 трлн теңге жұмсалған.

Сонымен қатар ел бойынша «Жайлы мектеп», «Ауыл – ел бесігі», ауызсу және жылумен қамту, газ және көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй мен жеке тұрғын үй құрылысы бағыттары бойынша барлығы 870 жоба іске асырылып жатыр.