homepage
Фото: Optimism.kz

Тимур Сүлейменов: жылдық инфляция төмендеді

17.12.2025, 10:02

Қараша айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жылдық инфляция 12,4%-ға дейін түсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның айтуынша, инфляцияға итермелейтін басты фактар - азық-түлік бағасының қымбаттауы. Азық-түлік инфляциясы жылдық есепте 13,4% жетті. Бұған әлемдік нарықтағы жоғары баға менн ішкі өндіріс шығындарының өсуі себеп деп санайды Үкімет. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы 11,2%, ал ақылы қызметтер бағасының өсуі 12,3% деңгейінде қалыптасты.

Қазан–қараша айларындағы инфляцияның баяулауына тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтерінің төмендеуі әсер еткен болуы мүмкін.