homepage
Фото: Depositphotos.com

Еуроодақ Ресейге қарсы 17-санкция пакетін бекітті

17.12.2025, 09:35

Еуроодақ кеңесі Ресейге қарсы 17-санкция пакетін ресми түрде мақұлдады. Бұл туралы ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жаңа шектеулер Ресей мұнайын тасымалдаған «көлеңкелі танкерлер» желісіне қатыс бар 5 жеке тұлға мен 4 ұйымға қатысты енгізілді. Санкция тізіміне «Роснефть» пен «Лукойлмен» байланысы бар бизнес өкілдері, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде, Вьетнамда және Ресейде тіркелген компаниялар енген. Бұл ұйымдар мұнайдың шығу тегін жасырып, қауіпсіздік талаптарын бұза отырып мұнай тасымалын ұйымдастырған  

Сонымен қатар Еуроодақ тағы 12 адам мен 2 ұйымға санкция салды. Бұл шектеулер 2024 жылдың қазан айында қабылданған санкциялық режимнің кеңейтілген нұсқасы  

Еуроодақ өкілдерінің мәлімдеуінше, жаңа пакет Ресейдің мұнай экспортынан түсетін табысын шектеуді және санкцияларды айналып өту тетіктерін әлсіретуді көздейді.