homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Air Astana ұшағынан түтін шығып, шұғыл қонды

17.12.2025, 09:05

Air Astana әуе компаниясының Алматы – Астана бағытымен ұшқан KC-851 рейсінің салонынан түтін шығып, әуежайға кері қонды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Airbus A321neo әуе кемесінің экипажы Астана уақытымен 07:38-де MAYDAY дабылын жариялаған. Осыдан кейін ұшақ 07:40-та Алматы әуежайына қайта қонған.

Зардап шеккендер жоқ. Қону кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әуежайдың өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері күтіп тұрды  

Министрлік түтіннің неден шыққаның анықтап жатыр.