homepage
фото: ашық дереккөзден

Дрондар шабуылынан келген шығын тағы өсті

15.12.2025, 21:21

КҚК-на жасаған дрондар шабуылының шығыны тағы да артты. Бүгін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов танкерлерге мұнай айдайтын екі қымбат құрылғыны сатып алғанын мәлімдеді. Жағалаудағы терминалдан ашық теңіздегі танкерлерге мұнай толтыруға арналған екі құрылғы БАӘ-нен сатып алынған. Министр нақты құнын жариялаған жоқ. 

Дегенмен, кейбір БАҚ қазақстандық тарап өткен жылдың маусым айында ресейлік «Кливер» компаниясынан осындай құрылғыны сатып алғанын, сол кездегі келісімшарт құны 6,5 млрд рубль, яғни шамамен 82 млн доллар деп көрсетілгенін жазды. Осыған қарап сатып алған екі құрылғының құны 164 млн доллар шамасында деп топшылауға негіз бар. Бұл ретте оларды БАӘ-ден Ресейдің Новороссийск портына дейін жеткізу құнын да ескеру керек.

Бұған дейін, дрондар шабуылынан Қазақстан 480 мың тонна мұнай жоғалтқаны айтылған, шикізаттың 1 тоннасы 450 доллар десек, шабуылдан келген шығын көлемі  216 млн доллар немесе 110 млрд теңге деп бағалауға болады.