homepage
фото: ашық дереккөзден

БҚО-да ауа райының қолайсыздығынан үш адам қайтыс болды

15.12.2025, 21:08

Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа-райының салдарынан хабар-ошарсыз кеткен үш адам қаза тапты, деп хабарлады облыс полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар 57, 35 және 25 жастағы марқұмдардың денесін тапқан, үшеуінің де өліміне гипотермия себеп болған.  Абырой болғанда, Ақжайық ауданының  жоғалып кетті деген 54 жастағы тұрғыны тірі табылды. Ер адамның аяқ-қолдары үсіп қалған, қазіргі уақытта Оралда оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

Бірақ, бір адам әлі күнге дейін хабар-ошарсыз. Жәнібек ауданының 59 жастағы тұрғынын іздеуге әскери қызметкерлер, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды. Іздеу шараларына қолайсыз ауа райы кедергі болып тұр.