Алматыдағы 2-нші және 3-нші ЖЭО келер жылдың соңына дейін газға көшеді. Бұл туралы Энергетика министрінің өзі мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Министрдің айтуынша, жаңғырту аясында Siemens және Ansaldo өндірісіндегі газ турбиналары орнатылады. Қазіргі таңда бір турбина ЖЭО 2-де орнатылған, екіншісін жақын уақытта іске қосу жоспарланып отыр.
Жобалардың негізгі мақсаты — қаланың экологиялық ахуалын жақсарту.
«Алматы осы екі жылу электр орталығының жұмысынан тұншығып отырғанын білеміз, бірақ көлік санының артуы да экологияға кері әсер етіп жатқанын ұмытпау керек», — деді министр.
Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, газға көшу зиянды шығарындыларды азайтып, қаладағы ауа сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.