homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Су тегінге сатылады: ПМӨЗ ендігі тағдыры туралы

15.12.2025, 12:08

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Павлодар мұнай-химия зауыты (ПНХЗ) туралы желідегі сыбысты жоққа шығарды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұған дейін кейбір ақпарат көздерінде зауыт өте арзан бағада, шамамен 500 миллион долларға сатылады деген хабар тараған еді. Министр бұл мәліметті жоққа шығарды.

ҚР энергетика министрі, "мемлекеттік активтер су тегін сатылады” деген жалған ақпараттың таралуына сарапшыларды кінәлайды. Ол мұндай ақпарат “адамдарды адастыратынын” айтады.

Түптеп келгенде, активтердің бағасын есептеудің бірнеше әдісі бар, соның ішінде нақты мүлік құны мен EBITDA көрсеткіші негізге алынатынын айтады. 

Министр сонымен қатар Павлодар мен Атырау мұнай өңдеу зауыттарының Жекешелендіру  картасына енгізілгені олардың автоматты түрде сатылатындығын білдірмейтінін айтты. Бұл - бәсекелестікті дамыту агенттігінің функциясы ғана, ал мемлекет бұл кәсіпорындарды сатуды жоспарлап отырған жоқ. 

Ақкенженовтың сөзінше, бүгінгі таңда мұнай өңдеу зауыттары жоғары табысты кәсіпорындар, олар акционерлерге, соның ішінде «ҚазМұнайГаз» компаниясына, мемлекетке және қорларға қомақты табыс әкеліп отыр