homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан көршілеріне 65 мың тонна мұнай сатпақ

15.12.2025, 11:11

«ҚазТрансОйл» компаниясы Қырғыз Республикасына мұнай тасымалдау көлемін арттырып, ал желтоқсан айында Өзбекстанға мұнай транзитін қайта бастайды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жыл соңына дейін Қырғызстанға 30 мың тоннаға дейін мұнай жөнелту жоспарланып отыр. Ал қазақ мұнайы осы айда Өзбекстанға жетпек. Бұл бағыттағы көлем 35 мың тоннаға дейін жетуі мүмкін.

Осылайша, екі елге жөнелтілетін мұнайдың жалпы көлемі 65 мың тонна. Шикізат «ҚазТрансОйл» магистралды мұнай құбырлары жүйесі арқылы «Шағыр» пунктіне дейін жеткізіліп, сол жерде теміржол цистерналарына құйылады.