homepage
Фото: gov.kz

Аңқау елге, тағы бір қаржы пирамидасы

15.12.2025, 10:30

Астанада өзін Ұлыбританияда тіркелген инвестициялық қор ретінде таныстырған «S-Group» атауымен белгілі қаржы пирамидасының қызметіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.

Тергеу дерегінше, «S-Group» Forex нарығында сенімгерлік басқару, майнинг және SWP, SWCT атты ішкі криптотиындармен сауда жүргізуді ұсынған. Алайда іс жүзінде салымшылардың ақшасы ешқандай инвестицияға салынбаған, күдіктілер оны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Алдын ала есеп бойынша, келтірілген залалдың жалпы көлемі 136 млн теңгеден асып отыр.

Қылмыстық жолмен алынған қаражат есебінен ұйымдастырушылар елордадан екі пәтер мен екі автокөлік сатып алып, мүлікті сенімді адамдардың атына рәсімдеген. Соттың санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.