Еркін күрестен Олимпиаданың қола жүлдегері Дәулет Шабанбай 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Спортшыға құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсылық танытып, күш қолданды деген айып тағылған еді.
Оқиға былтыр қыркүйек айында Павлодарда болған. Патрульдік полиция алкогольдік ішіп алған Дәулет Шабанбайды тоқтатқан кезде жанжал шығып, спортшы біреуін итеріп, екі әскери қызметкердің біреуінің бетінен, енді біреуінің көзінен ұрған.
Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады, алайда өзі сот отырысына қатысқан жоқ. Айыптаушы тарап 4 жыл жаза сұрағанмен, спортшының қорғаушысы соттан Шабанбайдың бұрын сотты болмағанын, спорттағы жетістігі мен отбасы барын ескеруді өтінген болатын.