homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15.12.2025, 09:32

Жақында СІМ қызметінен кеткен Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды. Мемлекет басшысының өкімімен енді ол - ҚР Президенті Әкімшілігінен Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Айта кетейік, өткен аптада Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі әрі баспасөз қызметшісі қызметінен кететінін мәлімдеген болатын. Бұл лауазымда ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарына министрлік ұстанымын жүйелі түрде жеткізіп келді.

Айбек Смадияров II санаттағы дипломатиялық дәрежесі бар, қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген. Журналистер қауымы оның кәсібилігін жоғары бағалайды.