Келер жылдан бастап Қазақстанның 217 мектебінде дзюдо секциялары ашылады. Бұл шешім Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қабылданды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жоба аясында Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) мектеп оқушыларына арналған арнайы жеңілдетілген оқу бағдарламасын ұсынған. Бағдарлама балалардың жас ерекшелігі мен қауіпсіздігін ескере отырып әзірленді.
Алдағы үш жыл ішінде дзюдо үйірмелерін ел бойынша мың мектепке дейін кеңейту жоспарланып отыр. Бұл ретте басымдық ауыл мектептеріне беріледі. Сонымен қатар, бастама аясында дзюдо бапкерлерін даярлау мен олардың біліктілігін арттыруға ерекше назар аударылмақ.