Желіде Қазақстан паспортының түсі өзгереді деген ақпарат тарағанымен, бұл мәлімет ресми түрде расталмады. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мұндай өзгеріс жоспарланбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Әлеуметтік желілерде паспорттың дизайны туралы пікірталас қызған. Пайдаланушылардың бірі Қазақстан паспортының сыртқы келбетін жоғары бағалап, оның түсі мен дизайны шетелдіктердің де назарын аударатынын жазған. Осы жазбадан кейін желіде паспорттың түсі ауысады деген болжамдар тарады.
Жоқ, өзгермейді. Бұл – жалған ақпарат. Желіде тараған бір-екі эскиз – жекелеген азаматтардың өз бастамасы ғана, – деп мәлімдеді Мемлекеттік кеңесші.