homepage
Фото: Pixabay

Қарағандыда жалдамалы пәтерден екі жасөспірімнің денесі табылды

13.12.2025, 13:01

Қарағанды облысында жалдамалы пәтерден 15 пен 18 жастағы жасөспірімдердің мәйіті табылды. Марқұмдардың денесін пәтер иесі анықтаған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Аталған деректі полиция растады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қайтыс болған адамдардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған. Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Сондай-ақ пәтер ішінде ес-түссіз күйде жатқан тағы үш адам болғаны жөнінде ақпарат тараған. Алайда бұл дерекке қатысты полиция ресми түсініктеме бермеді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.