Қарағанды облысының Шет ауданында, Мойынты стансасында орналасқан дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, соның салдарынан екі адам көз жұмды, тағы 11 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар оқиға орнына жеткенде дәмхана ғимараты толықтай өртке оранған. Қазір құтқарушылар үйінділерді аршып, зақымданған құрылымдарды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Зардап шеккен 11 адам жақын маңдағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Қазіргі уақытта жарылыстың нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.