homepage
Фото: Ашық дереккөзден

«Ауру» фильмі рекорд орнатты

12.12.2025, 16:44

Қазақстандық «Ауру» триллері отандық прокат тарихында рекорд орнатты. Отандық режиссер Айтөре Жолдасқалидың туындысы прокатта 1 миллиард теңгеден астам табыс жинап, 21+ шектеуімен мұндай касса жинаған ел тарихында алғашқы картина атанды,  деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Дистрибьютордың мәліметінше, жас шектеуіне байланысты түспеген табыс көлемі 600-800 млн теңге аралығында бағаланып отыр.

Еске сала кетейік, көріністердің шектен тыс қаталдығына байланысты «Ауру» картинасынан бірнеше маңызды эпизоды бірден алынып тасталды. Режиссердің сөзінше, әсіресе финалдық көрініс қатты қысқартылып, фильмнің аяқталу контекстіне айтарлықтай өзгеріс енгізілген.

Заң бойынша, бұл рейтингтегі картинаны тек 22:00–ден 06:00-ге дейін көрсетуге рұқсат. Соған қарамастан, «Ауру» кинотеатрларда лық толы зал жинауды жалғастырды. 

Түсірілім тобы фильмнің Gorillaz саундтрегін 127 млн сатып алғанын айтқан.