12 желтоқсан күні сағат шамамен 14:00-де Циолковский көшесіндегі көпқабатты үйде күшті жарылыс болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл төтенше оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Көпқабатты үйдің үшінші қабатында басталған қызыл жалынды сөндіру үшін өрт сөндірушілер көтеріле бастағанда жарылыс болып, балконды опырып түсірген.
“2025 жылғы 12 желтоқсанда БҚО ТЖД 112 кезекші диспетчерлік қызметіне бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтердің балкон терезесінен қатты түтін шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер пәтерде жеке заттар мен жиһаздың өртеніп жатқанын көреді. Кейін газ жарылып, біраз кедергісін келтірді. Ешкім зардап шеккен жоқ”, деп хабарлады ТЖМ өкілі.