Батыс Қазақстан облысында ауыл мектебінің директоры көлікті мас күйінде айдағаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оқиға Теректі ауданында тіркелген. 4 желтоқсанда Құмақсай ауылында әкімдік маңында полицейлер Hyundai Elantra жүргізушісін тоқтатқан. Медициналық тексеріс жүргізушінің жеңіл күйде алкогольдік масаңдығын анықтаған.
Көлік жүргізушісі – жергілікті мектеп директоры кінәсін толық мойындап, қымыз ішкенін, оның масайтатынын білмегенін айтып ақталғанмен, сот директорды әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы бойынша кінәлі деп танып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқынан айырды. Кәмелетке толмаған балалары болғандықтан, оған әкімшілік қамау қолданылған жоқ.
Облыстық білім басқармасы мектеп директорына сөгіс жариялады.