homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Джеки Чан Маңғыстауда кино түсірмек

12.12.2025, 15:04

Әлемдік кино жұлдызы Джеки Чан және «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмін Маңғыстауда түсіреді, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Ұзақ келіссөздердің нәтижесінде бірегей ландшафттары, ауқымды панорамалары және табиғи ерекшелігі үшін Голливудтың таңдауы Маңғыстауға түсті, деп хабарлады картинаның режиссері Роберт Кун. 

Культке айналған фильмнің Маңғыстауда түсірілуі Қазақстанның киноиндустриясы үшін маңызды оқиға болмақ. Жобаның жүзеге асырылуы еліміздің халықаралық кинематографиялық кеңістіктегі орнын нығайтып, өңірге инвестициялар тартуға, сондай-ақ креативті индустриялар мен туризм әлеуетін дамытуға ықпал етеді деген үміт басым