homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Алматы базарында сапасы күмәнді ет сатылған

12.12.2025, 14:29

Қазақстанда енді санитарлы-ветеринарлық тексерістен өтпеген етті сатқан сатушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

ҚР Ауыл шаруашылығы Ветеринария туралы заңға өзгертулер енгізбек. 

Жақында біздің инспекторлар Алматыда полиция қызметкерлерімен бірге базарда тексеріс жүргізді. Онда бір азамат өз бетімен мөр жасап алып, етке басып жүрген. Сондықтан мұндай әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс”, – дейді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.

Қазір анықтамаларды қолдан жасағаны үшін 12 мың теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Бердалиннің пікірінше, айлакер саудагерлердің айылын тек айыппұл жиғыза алмайды. Сондықтан, жазаны қатаңдату керек. Сондай-ақ, АШМ инспекторлардың жеке нысандарға кіруіне тыйым салатын норманы алып тастағысы келеді. 

«Бүгінгі күні Кәсіпкерлік кодекте ветеринариялық инспекторларға жеке нысандарға баруға тыйым салатын норма бар. Ветеринарлық станция мен пунктің өзіне де инспектор арнайы прокурорлық тіркеуден өтпей кіре алмайды. Біз осы шектеуді заңнан алып тастағымыз келеді», — деді ол.