homepage
Фото: Instagram @anarbekov_temirlan77

Анарбеков рейтингте Мбаппеден озды

12.12.2025, 12:17

​Алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасындағы үздік ойыншылар рейтингінде көш бастап, франциялық супержұлдыз Килиан Мбаппеден асып түсті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

SoftScore статистикалық платформасының мәліметінше, рейтинг басында тұрған Анарбековтың көрсеткіші – 8,90. Ал, әйгілі «Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе – 8,33 көрсеткішімен үшінші орынға сырғыды. 

Анарбеков грекиялық «Олимпиакосқа» қарсы өткен ойында алаңға алғаш команда капитаны болып шықты. Командасы грекиялық клубтан 0:1 есебімен жеңілгенімен, ойын барысында 8 сейв жасаған Анарбеков УЕФА нұсқасы бойынша кездесудің үздік ойыншысы атанды.

Жалпы, турнир барысында Анарбеков төрт матчта қақпаға бағытталған 21 соққыны қайтарып, сейвтер саны бойынша үздік үштіктен көрінді. 

Қақпашының жарқыраған ойынынан кейін жанкүйерлер мен сарапшылар оның Еуропаның ірі клубтарына, соның ішінде «Интерге» ауысу мүмкіндігін талқылай бастады.