Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің АҚШ-қа жаңартылған бейбіт жоспар жібергенін растады. Ол аумақтық мәселелер бойынша кез келген шешімді украин халқының өзі қабылдауы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Зеленский журналистерге берген түсініктемесінде Ресейге аумақтық жеңілдіктер жасау туралы сұраққа тек халық жауап бере алатынын атап өтті.
«Менің ойымша, бұл сұраққа Украин халқы жауап береді. Сайлау немесе референдум болсын, өз ұстанымын халықтың өзі айтуы керек», — деді ол.