Жапонияның Аомори префектурасы маңында 6,7 магнитудалы жер сілкінісі болып, енді цунами қаупі туралы ескерту жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жер сілкінісі жергілікті уақытпен 11:44-те (Астана уақытымен 07:44) теңіз түбінде, 20 шақырым тереңдікте болғаны анықталды. Бастапқыда магнитуда 6,5 деп бағаланған, кейін Жапонияның бас метеорологиялық агенттігі көрсеткішті 6,7-ге жаңартты. Қазірге дейін зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.
Сейсмологтар Аомори мен Иватэ префектураларының шығыс жағалауына және Хоккайдоның оңтүстігіне биіктігі бір метрге жетуі мүмкін толқын жақындауы ықтимал екенін хабарлады. Бұған дейін, 10 желтоқсанда, Хонсю аралында 6,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген. Мамандар Куриль және Жапон шұңғымалары бойында күшті жерасты дүмпулері қалыпты деңгейден жоғары екенін ескертеді.