homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Гуанчжоу–Алматы рейсінде жолаушы көз жұмды

12.12.2025, 10:35

Гуанчжоу–Алматы бағытындағы әуе рейсінде 64 жастағы әйелдің қайтыс болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Оқиғаға байланысты тексеріс басталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Желі қолданушысының айтуынша, 11 желтоқсандағы рейсте онкологияның төртінші сатысымен ауырған жолаушы көз жұмған. 

Транспортық полиция департаментінің баспасөз қызметі осы дерекке қатысты тергеу басталғанын растады. Құзырлы орган оқиғаның нақты мән-жайын анықтап жатыр.

Оқиға бойынша қосымша мәліметтер тергеу аяқталғаннан кейін жарияланады.