homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Адам саудасы қызып тұр

12.12.2025, 10:09

Қазақстан Ішкі істер министрлігі адам саудасына байланысты 39 қылмысты әшкерелеп, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты алты деректі анықтады. Тәртіп сақшылары нәресте сату және азаматтарды күштеп жұмысқа жегумен айналысқан бірнеше қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.

Алматыда жаңа туған балаларды сатумен айналысқан топ құрықталды. Тергеу мәліметінше, ұйымдастырушылар қиын жағдайда қалған жас әйелдерді ақшалай сыйақы үшін сәбиін бөгде адамдарға беруге үгіттеген. Қазір бұл іс бойынша 20-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдіктілердің мүлкін тәркілей отырып, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды.

Абай облысында азаматтарды мәжбүрлі еңбекке тарту фактілері анықталды. Он бір қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жолдануда. Шымкент пен бірнеше облыста түнгі ойын-сауық орындарын тексеру кезінде ересектер мен кәмелетке толмағандарды түрлі қанау түрлеріне тарту оқиғалары тіркелді

Астанада вокзал маңындағы рейдтер нәтижесінде  притон ұйымдастырған сегіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Ақмола облысында бейберекет жыныстық қатынасты насихаттаған діни топтың қызметі тоқтатылды, тәркіленген материалдарға сараптама тағайындалды

Бұған дейін Астана, Алматы және Шымкентте «элиталық эскорт» ұйымдастырушылар ұсталған. Клубтарда жас әйелдерді жезөкшелікке тарту фактілері дәлелденіп, істер сотқа жіберілді.