homepage
Фото: bnonews.com

“Жыл адамы” - ЖИ жасаушылары

12.12.2025, 08:14

Time журналы жасанды интеллект жасаушыларын «Жыл адамы» деп таныды. Редакция бұл таңдауын биыл ЖИ әлеуеті толық ашылды, енді бұл технологиядан кері шегіну мүмкін емес, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мұқабада ЖИ жасаушылар тобы Meta басшысы Марк Цукерберг, AMD бас директоры Лиза Су, X иесі Илон Маск, Nvidia басшысы Дженсен Хуанг, OpenAI жетекшісі Сэм Альтман, DeepMind басшысы Демис Хассабис, Anthropic басшысы Дарио Амодей және ImageNet негізін қалаған Фэй-Фэй Лидің суреттері тұр. Олар ЖИ модельдерін, алгоритмдерін және оларды қолдайтын чип нарығын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.

Журналдың мұқабасын сәндеуге екі түрлі суретші тартылған. Олар Лондондық иллюстратор және графикалық аниматор Питер Кроутер мен цифрлық суретші Джейсон Сейлер. 

Өткен жылы бұл атақ АҚШ президенті Дональд Трампқа берілген еді.
 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.