Қазақстандық комик Нұрлан Сабыровтың концерттері Ресей қалаларында бірінен соң бірі өтпей қалып жатыр. Рязань, Обнинск, Екатеринбург қалаларында жоспарланған концерттер түрлі себептермен кейінге шегерілуде, деп хабарлайды Juzmedia.
Қазақстандық әзілкештің кештерін өткізбеуге техникалық ақауды желеу етсе де, мұның шын мәнісін мамандар басқаша топшылайды. Бұған Нұрлан Сабыровтың мобилизациядан қашып, Қазақстанға қаулаған ресейліктер туралы айтқан әзілі түрткі болуы мүмкін.