Алматы-2 вокзалында табиғи газдан 52 адам жаппай уланып, екі бала жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ҚТЖ оқиғаның Алматы-2 вокзалында болғанын растады. Мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр. Компания бұл жағдай ұлттық тасымалдаушыға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, улану тіркелген пойыз «Пассажир тасымалы» АҚ-ына жатпайды, жеке тасымалдаушыға тиесілі. Вагондар түсірілім жұмыстары үшін киностудияға берілген.