Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қарашада Каспий құбыр консорциумының айлақ құрылғысы зақымданып, шығын айтарлықтай болғанын айтты деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оның мәліметінше, Қазақстан 480 мың тонна мұнай өндіруден қағылған, қаржылай шығын 123,4 млрд теңгеге жетті. Соған қарамастан, ел 2025 жылға жоспарланған межені толық орындайды.
Министр КҚК 15 желтоқсанға дейін үшінші айлақ құрылғысын (ВПУ-3) қайта іске қосуы мүмкін екенін айтты.