homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстандағы ең қауіпті қала

11.12.2025, 12:07

Биыл елде қылмыс саны жалпы азайғанымен, бірнеше қалада көрсеткіш керісінше өскен. Бұл туралы Finprom деректеріне сүйеніп Juzmedia.kz хабарлайды.

Қаңтар–қазан аралығында елде 90 884 қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,7 пайыз төмен. Сарапшылар мұны профилактиканың күшеюімен, «Қауіпсіз қала» бағдарламасының нәтижелерімен және технологиялардың дамуы­мен байланыстырады.

Елдегі үш мегаполисте айтарлықтай жағдай жақсарған: Астанада қылмыс 27,6%, Алматыда 25,5% төмендеген. Шымкент үш мегаполистің ішінде ең қауіпсізі атанып отыр. Облыс орталықтары арасында Семей ең төмен қылмыс деңгейін көрсетті. Талдықорған мен Оралда да жағдай 28–30% жақсарған. 

Ал, Павлодар қауіпті қалардың көшін бастап тұр.  Қалада қылмыс 36,4 пайызға өсті. Қостанайда өсім 10,4%, қауіпті қалалар үштігін Қонаев түйіндейді. Биыл бұл қалада қылмыс деңгейі 10,4-тен 10,6% көбейген.