Қырғызстанның Конституциялық соты өлім жазасын қайта енгізуден бас тартты. Осылайша бастама толық тоқтатылып, референдумға шығарылмайды болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ұлттық заң адамның өмір сүру құқығын абсолют құндылық ретінде бекітеді. Өлім жазасын енгізу – осы қағидатқа қайшы келеді
Халықаралық міндеттемелер де бұған жол бермейді. Қырғызстан өлім жазасын жою туралы хаттамаға қосылған, оны кері қайтару мүмкін емес. Сондықтан ел бұл жазаны қайта енгізе алмайды.
Осы себеппен Конституциялық сот президент Садыр Жапаров көтерген бастаманы тоқтатты. Президент 17 жастағы қыздың өлімінен соң елде өлім жазасын қайта енгізуді ұсынған.