homepage
Фото: darrensilver.com

Трамптың «алтын картасы»

11.12.2025, 08:50

АҚШ азаматтығына апаратын жаңа жол пайда болғандай. Президент Дональд Трамп таныстырған «Trump Gold Card» бағдарламасы арнайы сайт арқылы рәсімделеді және оны «азаматтыққа тез жетудің тәсілі» деп көрсетілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бағдарламаға кез келген адам өтініш бере алады. Бірақ іс жүзінде миллион доллар төлей алатындар ғана елде тұрақты тұруға үміткер болмақ. Сайтқа жеке мәлімет пен қаржылық деректерді енгізу қажет. Сонымен қатар Ішкі қауіпсіздік министрлігіне 15 мың доллар төлеуі тиіс. Ал тексерістен өтіп, бір миллион доллар аударған адамның құжаты бірнеше аптада рәсімделетіні жазылған. Егер елдегі қауіпсіздік шараларын бұзса, картаны қайтарып алуы мүмкін, ал ақша кері қайтарылмайды  

Сайтта «АҚШ-та салық төлеген азаматтар мен тұрақты тұру рұқсаты бар адамдар платина картасына өтініш бере алмайды» деп көрсетілген. 

Жуырда «Платина картасы» да іске қосылмақ. Оған бес миллион доллар төлеген адам АҚШ-та жылына 270 күн тұрып, салықтан босатылады.

Бұған дейін Трамп АҚШ-та дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық беру тәртібін алып тастау туралы бастама көтерген еді.
 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.