Үкімет қайтарылған активтерден бөлінген 15,4 млрд теңгені Жамбыл облысының ауылдарына су жеткізуге жіберді. Бұл қаражат арнайы мемлекеттік қор арқылы 12 жобаны қаржыландыруға бөлінген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қазірдің өзінде төрт ауылға таза су берілді. Жамбыл ауданындағы Қызылшарық, Жанаөткел және Жұма ауылының тұрғындары енді ауызсуды құдықтан тасымайды. Ал Талас ауданына қарасты 300 тұрғыны бар Қараойда алғаш рет орталықтандырылған су жүйесі іске қосылды.
Қараой жобасының жалпы құны 933,4 млн теңге, соның 106,7 млн теңгесі арнайы мемлекеттік қордан тікелей бөлінген.