«НеМолчиKZ» қоры өз қызметін уақытша тоқтататынын хабарлады. Оның негізгі себебі - қаржы тапшылығы. 24 қарашадан бастап Динара Смаилованың (Дина Таңсәрі) барлық карталары бұғатталған, деп хабарлайды Juzmedia.
"Команда да шаршап қалды, біз үзіліс жасап, карта мен қайырымдылық мәселелерін шешуіміз керек. Біз бұлай жұмысты жалғастыра алмаймыз. Бізден жедел көмек сұрайтындар көп, бірақ қолдау өте шектеулі және біз оны түсінеміз", – делінген жазбада. Қазір қордың сенім телефоны жұмыс істемейді, жаңа істерді қабылдамайды. Қор қазір 30-дан астам істі қарап жатқанын мәлімдеді.
Қор жетекшісі Динара Смаиловаға 2024 жылдың сәуірінде алты қылмыстық іс бойынша айып тағылып, ол Черногорияда ұсталған еді. Алайда келесі күні-ақ Подгорица соты оны босатқан.